Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 12:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Махаббат пен өнер ұлт таңдамайды»: Әнші Толқын Забирова 

29.08.2023

416 0

Елімізге танымал әнші Толқын Забирова 26 жыл отасқан күйеуін көрсетіп, оны жер-көкке сыйғызбай мақтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі күні кеше күйеуін туған күнімен құттықтап, көпшілікпен таныстырған еді. Желі қолданушылардың толассыз сұрақтарынан кейін Толқын Забирова күйеуі туралы жазба жариялағанды жөн көрген. 

“Достарым! Жолдасымның атына келіп жатқан құттықтауларыңызға мың рахмет! Біреуі білсе, біреуі білмейтін шығар, өмірлік жарыммен Алла қосқанына 26жыл болды! Үш ұлымыз дүниеге келді. Бізді қосқан өнер жолы. Махаббат пен өнер ұлтты таңдамайды, жүрек таңдайды. Ия, ұлты қазақ болмағанымен, қазақ жерінде Жамбыл облысы, Мерке ауданында өмірге келген”, – дейді Толқын Забирова.

Өнер иесінің айтуынша, күйеуі бірқатар отандық әншілердің жұлдызын жаққан.

“Қазақ өнеріне қосқан үлесі ұшаң теңіз! Өздеріңіз сүйіп тыңдайтын өнерпаздардың көбісі жолдасымның қолдауымен танымал болды. Аттарын айтпай-ақ қояйын, білетін адам біледі. Адамгершілігі, жан пәктігі, кең жүрегі (айта берсем көп) болмаса, қасынан мен табылар ма едім?! Одан да әр ару өзінің теңін тауып, бақытты болсын деп тілейік. 
Таңдай қағып отырғандарға айтарым: «Мен үшін алаңдамай-ақ қойыңыздар, мен – бақытты әйелмін. Адамды ұлт арқылы емес, ісінен бағалау абзал”, – деп жазды әнші.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: