Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова балаларының мінезі шығып, өзгеріп жүргенін айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Ол бұл туралы өзінің инстаграмдағы парақшасында жариялады.
“Мына жігіт мінез көрсетіп жүр. Жексенбі Алау достарын үйге шақыруға рұқсат сұраған. Нарұл бірден тізім талап етті. “Тек құрбыларыңа ғана рұқсат. Ұлдарды кіргізе алмаймын. Себебі мен үйде болмаймын” деп кесіп айтты. Алау бұлқан-талқан болып, маған қайта-қайта жалтақтады. Менен үн шықпағасын, інісінің талабына көнуден басқа шарасы қалмады”, – деп жазды актриса.
Ол тұңғышы Сезім туралы да баяндады.
“Сезім – бөлек әлем. Айтатын әңгімесі тым ауқымды. Мысалы, кеше сені не мазалайды деп сұрағанда, жауабы былай болды: “Еліміздегі жасөспірімдердің суицид жасау қорқынышты”, “Балаларға арналған контент жоқ. Бәсекелестік жоқ”, “ЖОО-ның беретін білімі сапалы болуы керек әрі студенттерге жағдай жасалғаны жөн” деді. Ал Ханның даналығы да, балалығы да мөлшермен болғаны ұнайды”, – деді көпбалалы ана.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!