Дүйсенбі, 17 наурыз, 03:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19,2132
15.03.2025
PDF мұрағаты

Мұхтар Ниязов Халықаралық ақындар айтысында жеңіске жетті

03.07.2022

830 0

Қазақтың айтыс өнеріне қарымды олжа салып, халықтың ықыласына бөленіп жүрген жерлесіміз, үш дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов Халықаралық ақындар айтысында жүлделі бірінші орынды иеленді.

Айтыс Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен, Қатонқарағай ауданы кәсіпкерлері мен Толықпаевтар әулетінің демеушілігімен «Алтайдай жер қайда?» деген атаумен өтті. Ақынның айтулы жеңісі Сыр жұртшылығын бір серпілтіп тастады.

Ғасырдан ғасырға, атадан балаға, заманнан заманға ұласып келе жатқан асыл мұраны насихаттап, суырыпсалма ақындық дәстүрді дәріптеп, өз бойына біткен өнерге жас ақын-жыршыларды баулып жүрген Мұхтар Мәуленұлын жеңісімен құттықтаймыз!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: