Сәрсенбі, 29 қаңтар, 04:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№ 7, 2120
28.01.2025
PDF мұрағаты

Өнер орталығында Гүлфира Әлиханованың «Әйел — шырақ» атты ән кеші өтті

27.01.2025

204 0

Бүгін Өнер орталығында талантты әнші, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Гүлфира Әлиханованың «Әйел — шырақ» атты ән кеші өтті.

Облыстық филармония солисі ретінде кәсіби сахна төріне шаққанына 20 жыл толған Гүлфира Нариманқызының қоржынында облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың жүлделері бар. Өзінің лирикалық әуезді әндерімен көрермен көзайымына айналған ол, шығармашылығын ұдайы жаңартып, жаңашыл репертуармен толықтырып тұрады.

Сырдың ерке де, ерек әншісі кеш шымылдығын «Ән бастау» әнімен ашып, тақырыпқа арқау болған «Әйел — шырақ» әнімен жалғады. Ұмытылмас кеште ақын, әнші, сазгер, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Индира Елубаева, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Кеңес Әлімжан және сырбаз әнші Бекзат Молдабергенов өнер көрсетіп, кеш иесімен бірге дуэт боп шырқады. Сонымен бірге, Гүлфира Әлиханованың қызы Сезім Ұлықбекқызы да әсем әнімен көрермен қошеметіне бөленді. Кеште өнер иесі қос ата-анасына құрмет гүлін ұсынып, жиналған қауымның жүрегін елжіретті.

Лирикалық әндер салтанат құрған сазды кеште облыстық филармонияның режиссері Азиза Іздіқұлованың орындауында «Құмсағат» әнінің тұсауы кесілді. Сондай-ақ ән кешін «Томирис» және «Ai-Aru» ұжымдары бимен көркемдесе, облыстық филармония солистері «Жаңа күн» әнімен қорытындылады.

Ән кешінің режиссері ҚР Мәдениет саласының үздігі — Азиза Іздіқұлова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: