Жұма, 10 қаңтар, 18:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1-(2114)
07.01.2025
PDF мұрағаты

«Өнерді сағынбаймын, қоштасуға дайынмын» – Рүстем Жаныаманов.

10.01.2025

92 0

Фото: Instagram Рүстем Жаныаманов

Қазақстандық танымал акер Рүстем Жаныаманов күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.kz .

Рүстем Жаныаманов бұл шешімі туралы Жанар Байсемізге берген сұқбатында айтты. Актер балаларының болашағы үшін өнерден бас тартуға дайын екенін жеткізді.

«Жалықтым дегеннен Құдай сақтасын. Бірақ қазір Жанарға кәсіпке қарай бет бұрғым келеді деп көп айтып жүрмін. Өнерден кету ойда бар және ол солай болатын сияқты. Меніңше, өле-өлгенше өнерде жүрген дұрыс емес сияқты. Басқа саланы көру керек сияқты. Балалар өсіп келе жатыр. Оқыту керек, оңай емес. Өнерді сағынбаймын, қоштасуға дайынмын», – деді Рүстем Жаныаманов.

Өнер иесі актер болудың қаншалықты қиын екенін айтты.

«Жанарға кино бітсе, әлем аралауға кетейікші деп отырмын. Мұны да маған Жанар үйретті. Өзіміз бірнәрсе өндіріп шығарғымыз келеді. Мысалы, кітап, кино. Бірақ кадрдан тыс болғым келеді. Киноға түскім келмейді. Қазір кетпеймін, шамамен 40 жасыма дейін осы салада боламын. Өмірімде бір нәрсені өзгерткім келеді. Актерлердің проблемалары маған мәлім. Олардың ұйқысы дұрыс емес, сүйектері, белі ауырады», – деді актер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: