Дүйсенбі, 03 ақпан, 19:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№8, 2121
01.02.2025
PDF мұрағаты

Өңірлерде қазақ киносының күндері басталды

03.02.2025

10 0

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстанның өңірлерінде қазақ киносының күндері басталды. Аталған іс-шара аясында көрермендер Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген фильмдермен таныса алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, кино көрсетілімдері Қарағанды қаласынан басталды. Алдағы уақытта басқа да қалалар мен ауылдық елді мекендерді қамтиды.

Бастаманың мақсаты – қазақстандық кинематографты насихаттау және кең аудиторияға отандық режиссерлердің туындыларын тамашалау мүмкіндігін ұсыну. Әсіресе, ауыл тұрғындарының қатысуына ерекше назар аударылды. Осылайша, оларға қазіргі қазақ киносының үздік шығармаларын көруге мүмкіндік берілді, – делінген мәліметте.

Бағдарламада еліміздің мәдени ерекшеліктері мен өзекті мәселелерін арқау еткен әртүрлі жанрдағы фильмдер ұсынылады. Олардың қатарында «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Дос-Мұқасан», «Операция Набат», «Время патриотов» және басқа да картиналар бар.

Әр фильмнің өзіндік терең мағынасы бар және түрлі жастағы көрермендерге арналған. Сондай-ақ, кішкентай көрермендер үшін «Тайқазан» анимациялық фильмі көрсетіледі.

Айта кетейік, биыл оннан астам жаңа отандық фильмнің шығуы жоспарланған. Бұл сөзсіз, қазақстандық кино өнерінің жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалық.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: