Құны 170 миллион теңге болатын үйінен айырылып қалған Жұлдыз Әбдікәрімова жақсы жаңалықты жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі сөз басын алғыс айтудан бастады.
“Ең алдымен алғыстан бастағым келеді. Өздеріңізге белгілі сот мәселесі бойынша іс жүріп жатты. Жария етіп жазған күннен бастап, маған тілеулес, жанашыр, кеңесші, жол сілтеуші болған әр жанға алғыс білдіремін. Бұл жаңалықтың жақсы жері сол, мен үшін бәрі де аяқталды. Балаларыма, өзіме тиесілі дүние қайырымен қайтты. Әу бастан бұл жағдайды сынақ деп қабылдағаным рас. Ешкім, ешқашан үйрете алмайтын өмірлік сабақ болды”, – деп жазды актриса.
Одан кейін қиын күнде жанынан табылмаған адамдардың бар екенін де жеткізді.
“Айналамда жаным-күнім деп, айналып-толғанып жүрген жандар бір-ақ күнде зым-зия болғанын көрдім. “Не көмек” деп суық қана хат жолдағандар да болды. Керісінше үнсіз ғана қасымда болып, қолынан келгенін жасап, көмектесуге тырысқан жандарды да көрдім. Бастысы айналамдағы адамдар сүзгіден өтті. Мемлекеттік құзырлы органдарының табалдырығын тоздырғаным да рас. Заң саласында біраз білімім артты. Енді адвокатсыз құжатқа қол қоймайтын темірдей тәртіп бар”, – деді киножұлдыз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!