Сәрсенбі, 27 қараша, 05:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

«Қарым-қатынастан үркіп қалдым»: Балжан Бидаш

02.10.2024

464 0

Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/

Танымал әнші Балжан Бидаш жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі бұрынғы жұбайы актер Жахан Отарғалиевке қатысты сұрақты да жауапсыз қалдырмады. “Сен Жаханмен ажырасқалы мен махаббатқа сенбей қалдым” деген оқырман пікіріне жауап жазды. 

“Мен махаббатқа сенемін. Жігіттерге сене бермеймін. Қарым-қатынастан аздап үркіп қалғаным бар”, – деді әнші. 

Сонымен қатар бұрынғы тұрмыста болған жылдарына еш өкпесі жоқ екенін де жасырмады. 

“Сол кездегі Балжанды қатты-қатты құшақтап алғым келеді. Ешкімге өкпем жоқ. Керісінше, өмірімде болған жандардың бәріне мың алғыс. Солардың арқасында өмірдің құндылығын түсіндім. Бақыттымын”, – деді эстрада жұлдызы. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: