Биыл қазақтың інжу- маржанына айналған оркестрге – 90 жыл. Осы орайда, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі гастрольдік сапары аясында Сыр өңірінде “Жыр тұнған Сырдың даласы” атты концертін берді.
Шарада Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекова сөз сөйлеп, облыс әкімінің құттықтауын жеткізді.
Ұлттық мәртебені иеленген 90 жылдық тарихы бар оркестр осы жылдар ішінде бес мыңға жуық ұлттық және классикалық шығармаларды орындап, гастрольдік сапармен ТМД елдерінің көптеген қалаларында, Қытай, Румыния, Венгрия, Польша, Финляндия сынды әлемнің 90-нан аса елінде болып, қазақ өнерін паш етіп келеді.
Өнер ұжымы қазақ күй өнерінің жауһарларын орындап, кеште ұлтымыздың кең тараған әндері шырқалды. Тыңдарманды ерекше сезімге бөлеген шығарма көптің көңілінен шықты.
Айта кетейік, оркестрдің гастрольдік сапары Төретам кенті, Қармақшы мен Жаңақорған аудандарында жалғасатын болады.
Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!