Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Самға» би тобы Лондонда өткен халықаралық шығармашылық фестивалінде 1-орын иеленді.
Қашықтан ұйымдастырылған шарада көптеген мемлекеттің шығармашалық топтарымен бақ сынасқан жас зияткерлер қазақ биін орындап, үздік деп танылды.
Сондай-ақ, ұлттық өнерді әлемге танытуда 11-сынып оқушысы Баян Сарибаева жеке орындауда ерекшеленді. Польшаның «DIGI-TALENTY. JESIEN-2020» халықаралық фестивалінде «Қыз қиялы» атты би қойылымымен бірінші дәрежелі диплом иегері атанды.
Айта кетейік, «Самға» би тобы Зияткерлік мектеп жанынан құрылған. Бүгінде ұжымның 50-ден астам белсенді мүшесі әртүрлі жанрдағы хореографияны меңгеріп, мәдени мұраны насихаттап келеді.
Ұжымның жетекшілері кәсіби хореографтар Жұлдызай Мауленова мен Ақмарал Алибекова оқушылардың жан-жақты және шығармашылық потенциалын дамытуда зор үлес қосып келеді.
Балалардың талантын ашуда және ұлттық өнерді жаңғыртудағы еңбектері үшін педагогтары да ұйымдастырушылардың Алғыс хаттарымен марапатталды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!