Дүйсенбі, 16 маусым, 16:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№43 – 2156
14.06.2025
PDF мұрағаты

SOUNDTRACK CONCERT: Облыстық филармонияның маусымдық жабылу концерті өтті

16.06.2025

67 0

Кеше Өнер орталығында Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің әлемдік кинофильмдерден саундтрек концерті қалың көрерменге жол тартты.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі — «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Самат Аблаев

Руслан Балмасов дирижерлік еткен кеште оркестр «Черная любовь», «Ертұғрыл», «Ва Банк», «Ромео и Джульетта», «Мадагаскар», «Пираты Карибского моря», «Тақиялы періште» және «Нурикамал» сынды культтік кинофильмдер мен мультфильмдердің танымал әуендерін ойнады.
Концертте Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Ринат Үсенов, Динара Қыдырбай, Айсұлу Әбді, Жалын Жүсіпов және Асхат Құрманалиев (гобой) өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласы мен құрмет-қошеметіне бөленді.
Осылайша, облыстық филармонияның тағы да бір музыкалық маусымы қорытындыланып, жарқын бастамалар мен шығармашылық жаңалықтарға толы жылдың соңғы концерті сәтті аяқталды.
Ностальгияға толы кеште тыңдармандар сүйікті өнерпаздарына гүл шоқтарын табыстап, өнер иелерімен естелік суретке түсті.
Концерт режиссері — «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Азиза Іздіқұлова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: