Жұма, 27 желтоқсан, 11:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Тірімін ең бастысы» : Меруерт Түсіпбаева

15.11.2024

360 0

Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіде тренд жасап жүрген қоғамды сынап тастады, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында қазір қоғамда танымал болып жатқан дубай шоколады мен жапон жүзімін жеп көрмегенін айтты. 

«Мен әлі дубай шоколадының дәмін татпадым. Түрінен-ақ шошимын. Калориясы да көп екен. Бір танысым соның бір данасын 25 мың теңгеге сатып алып, видеоға түсіріп отырып жеді. Одан да Қазақстан шоколадының 35 данасын сатып алушы едім», – деп жазды ол желіде. 

Меруерт Түсіпбаева дубай шоколады туралы ғана емес, хит болып жатқан шайн мускат жүзімі туралы да пікір білдірді. 

«Жапон жүзімінің түрі-ақ ұнамаған еді. Осыларды жемесем де, көштен қалдым демеймін. Шүкір, тірімін ең бастысы. Осы біз еліктеуді қашан қоямыз екен?! Анау солай жасады, мен де қалмайын деп бәсекелесуге құмармыз. Трендтен қалғандар өзіміз отырып шай ішейік», – деп жазды ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: