Сейсенбі, 07 қаңтар, 01:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1-(2114)
07.01.2025
PDF мұрағаты

Роза Рымбаева: «Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші»

05.01.2025

317 0

Сурет: Azattyq ryhy

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева бұл туралы белгілі журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен тойға өте сирек шығамын. Ары кетсе айына бір рет қана. Жалпы мен той әншісі емеспін. Менің репертуарым тойға арналмаған. Сондықтан мені әндерімді ұнататын және әнші ретінде мойындайтын адамдар ғана шақырады», – деді Роза Рымбаева.

Әнші сұхбатта той – әншілердің негізгі пайда көзі екенін де жасырмады.

«Кеңес заманында аз болса да тойлар болатын. Мен тойға шығуға ұялатынмын. Қазір бұл – қалыпты жағдай. Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Соның ішінде мен де бармын», – деді ол.   

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: