Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті, танымал актер Азамат Сатыбалды марқұм әкесін еске алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Отандық киножұлдыз жеке парақшасында әкесіне арнап естелік жазып, оның қайтыс болған сәтін айтып берді.
“Бүгін әкемнің өмірден өткен күні. Осыдан төрт жыл бұрын, дәл осы күні кешкі сағат сегіздерде әкем бізбен қоштасты. Жандарыңыз жәнәттық болсын асқар тау әкешім, аяулы анашым. Дүниеде әкеңе еркелеуден асқан бақыт барма. Көп нәрсе жазғым келеді, бірақ сағыныш деген сезім алқымдап тұншықтырып тұр. Әке-шешең өмірден өткенде екі өкініш қалады: Неге жақсылық жасамадым? Жасасаң, неге бұдан да көп жасамадым екен? деген. Өзекті өртейді”, – деп жазды актер.
Сонымен қатар өнер иесі ата-ананы тірісінде қадірлеп, бағалауға күллі адамзатты шақырды.
“Ата- анасы мына өмірде барлар, қандай бақыттысыңдар. Бағалаңдар. Жақсы көріңдер. Беттерінен қайта-қайта сүйіңдер. Сыйлық жасаңдар. Жағдайын сұраңдар. Көңілдерін көтеріңдер. Барынша батасын алыңдар. Бақыт батада», – деп жазды Азамат Сатыбалды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!