Сәрсенбі, 18 желтоқсан, 14:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99 (2109)
14.12.2024
PDF мұрағаты

«Жарамды жазып, жүгімді жеңілдетіп, жұбатып жатыр «: Сәкен Майғазиев

18.12.2024

80 0

Сурет:stan.kz

“Музарт” тобының әншісі, мәдениет қайраткері Сәкен Майғазиев жеке парақшасына жазба жариялап, көпшілікті ойландырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі марқұм әпкесіне естелік жазбасын арнады. 

“Жақын жанын жоғалтқан әжесінің сары уайымын сейілтейін деп немересі:
– Әже, психолог алдырайын ба? – деп сұрапты.
– Балам, ағайын-туыстан, көрші-көлемнен, құда-жекжаттан, ауылдастардан асқан психолог бар ма. Келім-кетім адамдар-ақ жарамды жазып, жүгімді жеңілдетіп, жұбатып жатыр ғой” депті. Ол рас. Қайтыс болған әпкем Созақта тұратын. Үй арасында екі-ақ үй бар. Анамды күнде бір көрмесе көңілі көншімейтін. Анам да тұла бойы тұңғышын “Жанымдағы жарығым” дейтін. Жездем мен әпкемнің үш қызы, екі ұлы, 12 немересі бар, АЛЛАға шүкір. Жылатуға емес, жұбатуға барып, анамызды тұңғиыққа түсіре бермей, көңілін көтеріп қайтуға тырысып жүрміз. Біз қайғыра берсек, анамызға да қиын тиеді. Кейде, әлі тірі жүрген сияқты сезінеді”, – деді әнші. 

Сонымен қатар марқұм әпкесінің 40 күндігін бергенін де айтты. Жездесімен де жиі сырласатынын жасырмады. “Ақ жездеме “Апатайым түсіңізге кіріп жүр ме?” десем, “Айткүл өмірден өткелі бері оны түсімде көрмеген күнім болған жоқ” дейді. Оңай емес. Бүгін ауылға барып, әпкеміздің қырық күндік асын беріп, Құран бағыштадық. Я, раббым, қабыл болған игі амалдардан ете гөр. Әпкемізге Фирдаус жәнаттын нәсіп ете гөр. Қайғы көрмейік, құрметтілерім. Тек жақсылық болсын”, – деп жазды мәдениет қайраткері. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: