Жексенбі, 29 желтоқсан, 09:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жүлде құтты болсын, Сыр елі

26.11.2020

1417 0

Айтыс өнерінің алдаспанына айналған ақберен ақын Оразалы Досбосыновтың есімі қазақ халқына кеңінен танымал. Қазақ айтысында жұлдыздай жарқ ете қалған жыр ғұмырдың ерте өшкені өкінішті. Дегенмен оның артында атын шығаратын ұлы мен қызы және мәңгі өлмейтін жыры қалды. Міне бұл өнер өміршеңдігінің бір белгісі.

15 қараша ақынның туған күніне орай Алматы қаласында «Орақ тілді Оразалы» атты республикалық жыр мүшәйрасы болып өтті. Байқаудың басты талабы – Оразалыға арнау өлең жазу. Талапкерлер жасына шектеу қойылмағандықтан еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық ақын қатысып, өз шығармаларын тарту етті.

Мүшәйраға Сыр өңірінен жерлесіміз Айбану Қалиева қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.

Онлайн жүйеде өткен марапаттау кешіне «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Жүрсін Ерман, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан, ақын Жарас Сәрсек қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: