30 қараша күні Жаңақорған ауданында Қазақ ССР-не еңбек сіңірген агроном Әбдіғаппар Нұртазаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Ел үшін туған ер» атты облыстық жекпе-жек айтыс өтті.
«Рухани жаңғыру» және «Айтыс-battle» жобасы аясында ұйымдастырылған шарада аймақтағы 8 айтыскер бас қосып, жыр додада бақ сынады. Айтыскерлер Әбдіғаппар Нұртазаевтың адамгершілік қыры қызметтегі жетістігін көркем суреттеп, ел тарихының маңызды сәтін жырларына арқау ете білді. Айтыс тізгінін айтулы ақын Мамыр Байдәулетов ұстап, Серік Ыдырсов, Кенжебай Жүсіпов, Марат Сүгірбаев секілді өнер саңлақтары төрелік етті.
Айтыскерлер жас ерекшелігіне қарай 12-16, 16-25, 25-30, 30-40 жас аралықта өзара сайысқан. Нәтижесінде Мейіржан Қартпай, Айбек Шекербек, Азамат Тәуекел, Тұрар Бекмырзаев жеңіс тұғырынан көрініп, үздік деп танылды.
Сөз додасында оза шапқан Тұрар Бекмырзаевтай әріптесімізді құттықтап, бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!