Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қауіпсіздік қатерден сақтайды

11.04.2022

463 0

Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы облыстағы өндірістік жарақаттану жағдайларына 2021 жыл қорытындысымен талдау  жүргізді. 

Талдау көрсеткендей, 2021 жылы облыс бойынша жол көлік оқиғасы салдарынан 23 жұмыскер зардап шеккен, бұл барлық 61 зардап шеккендердің  38%-ін құрайды.

Атап айтқанда, 2021 жылы 6 жол көлік оқиғасынан 23 жұмысшы зардап шеккен, оның ішінде 8 адам қаза болған, 10 адам ауыр дәрежелі, 5 адам жеңіл дәрежелі жарақат алған (2020 жыл қорытындысымен 8 жол-көлік оқиғасынан 16 жұмыскер зардап шеккен, оның ішінде 1 адам қаза болған, 9 адам ауыр дәрежелі, 6 адам жеңіл дәрежелі жарақат алған).

Яғни, 2021 жылы жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер саны 44 %-ке, қаза болғандар саны 7 есеге, ауыр дәрежелі жарақат алғандар саны 11 %-ке  көбейген.

Барлық жол-көлік оқиғаларында негізгі орында жүргізушінің әрекеті немесе әрекетсіздігі байқалады.

ҚР ІІМ мәліметтеріне сәйкес, жол көлік оқиғасы кезіндегі жүргізушілердің жасайтын әрекеттері: белгіленген жылдамдықты көтеру, мас күйінде көлікті басқару, басып озу ережесін бұзып қарама-қарсы жолға шығып кету, жол қиылысы ережесін сақтамай жол кезегін бұзу, ақауы бар көлікті басқару, ара қашықтықты сақтамау, жол жүрісі белгілеріне бағынбау, адамдарды тасымалдау ережесін бұзу, жаяу жүргіншілер ережесін бұзу және т.б.

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген «Жол жүрісі қағидаларының» 1-інші «Жалпы ережелер» бөлімінің 1 тармағының 26 тармақшасына сәйкес, жол жүрісіне қатысушы жол жүрісі процесіне жаяу жүргінші, жолаушы немесе жүргізуші ретінде тікелей қатысатын адам. 

ҚР Еңбек кодексінің 17-бабының 3 тармақшасына сәйкес, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган өндірістік жарақаттану себептеріне талдау жүргізеді және оның профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлейді.

Осы Кодекстің 194-бабының 3 тармағына сәй­кес, мемлекеттік еңбек инспекторлары Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзу­шылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді хабардар етуге, 5 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беруге міндетті.

Т.Шалбаева

Басқарма басшысының м.а.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: