Жұма, 27 желтоқсан, 04:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ер адам сүйіктісіне жанармай шашып, өртеп жіберген

24.11.2024

285 0

Сурет: pixabay.com

Алматы облысындағы Бәйдібек ауылында бірге тұратын еркек пен әйел ішімдік ішкен. Әңгіме барысында екеуінің арасында жанжал туып, соңы жантүршігерлік оқиғаға әкеп соқты. Бұл туралы  ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ер адам мен әйел ішімдік ішіп отырып жанжалдасып қалған. Ақырында ер адам бірге тұратын сүйіктісінің үстіне жанармай шашып, өртеп жіберген. 

“Полиция денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді Алматы облысының полиция департаменті Меруерт Морякова.

Зардап шеккен әйел II-дәрежедегі күйікпен ауруханаға жеткізілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: