Гаитиде 7,2 баллдық қуатты жер сілкінісі салдарынан мерт болғандар саны 304 адамға өсіп, тағы 2 мыңға жуық адам зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.
Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар ғимараттардың қирандыларының арасынан тірі қалғандар мен құрбандарды іздеуді жалғастыруда.
Ел премьер-министрі «үлкен шығын» болғанын айтып, бір айға төтенше жағдай жариялады.
Гаити 2010 жылғы болған жойқын жер сілкінісінен әлі де қалпына келу үстінде.
Премьер-министр Ариэль Генри зардап шеккендерге көмектесу үшін мобильді топтың жасалқталғанын айтты.https://platform.twitter.com/embed/Tweet.html?dnt=false&embedId=twitter-widget-0&features=eyJ0ZndfZXhwZXJpbWVudHNfY29va2llX2V4cGlyYXRpb24iOnsiYnVja2V0IjoxMjA5NjAwLCJ2ZXJzaW9uIjpudWxsfSwidGZ3X2hvcml6b25fdHdlZXRfZW1iZWRfOTU1NSI6eyJidWNrZXQiOiJodGUiLCJ2ZXJzaW9uIjpudWxsfSwidGZ3X3NwYWNlX2NhcmQiOnsiYnVja2V0Ijoib2ZmIiwidmVyc2lvbiI6bnVsbH19&frame=false&hideCard=false&hideThread=false&id=1426648788903542789&lang=en&origin=https%3A%2F%2Fstan.kz%2Fgaitide-72-balldik-zher-silkinisinen-kaza-tapkandardin-350823%2F&sessionId=cc220432ed2f02542399658e105cf84a26ac803f&theme=light&widgetsVersion=1890d59c%3A1627936082797&width=550px
«Ең бастысы үйінді астында қалған зардап шегушілердің қалыпқа келуі үшін барлық жағдай жасалуы қажет. Біз жергілікті оның ішінде Ле Ке-де орналасқан ауруханалардың жарақат алған тұрғындармен толып қалғанын білдік», – деді ол.
Еске салсақ, 14 тамызда Гаитидің батысында магнитудасы – 7,2-ге тең қуатты жер сілкінісі болды. Америкалық сейсмологтардың айтуынша, жерасты дүмпуі 10 км тереңдікте. Жер сілкінісінің ошағы елдің астанасы Порт-о-Пренс қаласынан 125 км қашықтықта орналасқан. Зілзала ауқымы мен қаза тапқандардың нақты саны әзірге белгісіз.
Гаитидегі бұл зілзала 2010 жылғы 250-300 мың адамның өмірін қиып кеткен жойқын жер сілкінісінен небәрі 75 шақырым қашықтықта болды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!