Сейсенбі, 23 сәуiр, 13:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Көлік ұрлаған

06.11.2021

477 0

Жуырда қалалық Полиция басқармасының «102» арнасына 39 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, үйінің ауласында тұрған «Опель астра» маркалы автокөлігінің ұрланғаны жайлы хабарлаған.

Автокөлікті айдап әкетушіні анықтау және ұстау үшін «Тосқауыл іс-шарасы» аясында сол күні кезекшілікті болған қызметкерлерге жедел хабарлама берілген. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдіктінің қала көшелерінің бірінде өрескел қателіктер жасап жол-көлік оқиғасын жасағандығы анықталды.

30  жастағы қала тұрғынын ұстап тексеру барысында, жүр­гізуші көлікті мас күйінде жүргізгені белгілі болды. Аталған дерек бойынша бүгінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүр­гізілуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: