Сенбі, 20 сәуiр, 14:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Көлікті қарсы алдынан соғып тоқтатты: қостанайлық полицейлердің видеосы тарады

01.04.2021

1828 0

Қостанай қаласында көлік ұрысын ұстау операциясы видеоға түсіп қалды. Ер адам мас күйде көлік жүргізіп полиция көлігін соққан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан .

Ресми мәліметке сәйкес, «102» желісіне Жамбыл көшесінің бойында орналасқан саунаның жанынан күміс түсті «Skoda»-ның ұрланғаны туралы хабар түскен.  Оны бірден барлық экипажға таратты. Кейіннен ұрланған көлік Баймағамбетов көшесіндегі «Автоураган» жүйесіне түскені анықталды.

Аға лейтенант Дархан Тоқтаров пен полиция лейтенанты Владимир Титовтың 524-ші экипажы көлікті тоқтатуға тырысқан. Бірақ жүргізуші олардың талабын елемей, қаша бастаған.

«Ол жоғары жылдамдықпен Алтынсарин көшесіне түсіп, бірнеше рет апаттық жағдай тудырды. Содан кейін взвод командирі, полиция капитаны Қажымұрат Жұмағазинов пен кіші полиция лейтенанты Нұрлыбек Байкенжиннің 523-ші автопатрулі ұрланған көлікті қарсы алдынан соғып, тоқтатты», – дейді полицейлер. 

Рөлде 31 жастағы ер адам болған. Тексеру кезінде оның орташа деңгейде мас болғаны да анықталды.

Взвод командирі полиция капитаны Жұмағазиновтың айтуынша, «Құқық қорғау қызметі туралы» заңның 61-бабы, 5-тармағына бойынша жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдайда олар көлік құралын зақымдау арқылы тоқтата алады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: