Жұма, 27 желтоқсан, 03:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Мақтамен бауыздау

03.04.2022

1549 0

Қазақтың көрнекті сатирик-жазушысы һәм драматургі Қалтай Мұхамеджанов жүрген жерін күлкіге көміп жүретін өте әзілқой әрі жатыпатар айтқыш болған кісі. Саналы ғұмырында бірнеше құзырлы қызметтің құлағын ұстап, беделді басылымдарды басқарды. Сондай белді де беделді басылымдардың бірі «Ара» журналының бас редакторы кезінде жауапты хатшы Көпен Әмірбекті өзіне шақыртады. Хатшы қыз оның жұмыста жоқ екенін айтады. Қалекең екінші күні де Көпенді қызмет орнынан таппайды. Бұл жағдай үшінші күні де қайталанады. Сонда Қалтай Мұхамеджанов хатшысын шақырып алып:

– Жауапты хатшыға айтшы, ертең қолы тисе, мені қабылдасын,– деген екен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: