Дүйсенбі, 25 қараша, 07:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандықтар байланыс ұстамаған күндер үшін телефон ақысын қайта есептете алады

30.12.2021

909 0

Енді қазақстандықтар байланыс болмаған күні телефон үшін төлейтін ақыны қайта есептеуді талап ете алады. 9 қаңтардан бастап елімізде байланыс және ғаламторға қосылу қызметтерін көрсету ережелері өзгереді.

Бұдан былай байланыс операторлары тариф шарттарын тек абоненттің келісімімен өзгерте алады. Ол үшін кемі 30 күн бұрын телефон арқылы немесе жазбаша түрде ескертуі қажет. 

Осы уақыт ішінде абонент тарифтің өзгеруінен бас тартатыны туралы өтініш қалдырмаса, ол шарттардың өзгеруімен келіседі деп есептелінеді. Сондай-ақ, телефон байланыс операторлары жылына бір рет қана тарифты ауыстыра алады. Тиісті құжатқа цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қол қойды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: