Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам қайтыс болды.
Оқиға бүгін, 2 желтоқсанда, Жаңақорған кентіндегі Хорасан ата көшесі бойында болды. Аталған көшеде «Toyota Hilux» және «ВАЗ-2107» маркалы автокөліктер соқтығысты.
«Жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды, екі адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Онда автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу жағдайы көрсетілген», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!