5 мамырда Шығыс Қазақстан облысында 2 жасар бала суға батып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Садыр көлінде саяжай үйінің ауласында бүлдіршін ата-анасының қарауынсыз қалып, суға құлап батып кетіпті.
Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды.
Су айдындарында балаларды ойнауға жібермеу қажет. Төтенше жағдай болғанда 112 нөмеріне хабарласу керек.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!