Анасынан зорлық-зомбылық көрген Артем Лебедев кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырылған. Сот шешімімен әйел енді ай сайын алимент төлейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция отбасының тұрмысын тексеріп, екі баланың адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқанына көз жеткізгеннен кейін сот 9 жастағы Артемнің анасы Светлана Лебедеваны ата-ана құқығынан айырды. Ол енді баласына алимент төлейді.
Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Азамат Мұхтарұлы ақша баланың атына ашылған депозит шотқа аударылатынын айтты.
“Сот баланың құқықтары туралы конвенсияға сәйкес, ата-аналар баланың тәрбиесі мен дамуына, ең жақсы мүдделеріне жауап беруіне, бала олардың негізгі қамқорлығында екенін басшылыққа ала отырып, кәмелеттік жасқа толмағанның мүддесі үшін жауапкершілікті ата-ана құқықтарынан айыру туралы талапты қанағаттандырды. Сот шешімімен олардан баланы күтіп-бағуға алимент өндіріледі. Алимент баланың атына ашылған депозит шотқа аударылады”, – деді ол.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!