Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Телефон ұрысы ұсталды

04.12.2020

1885 0

02 желтоқсанда Қызылорда қаласының Полиция басқармасына екі қала  тұрғыны  ұялы телефондарын  ұрланғаны туралы арызданған.

Тексеру барысында,02 желтоқсан күні күндіз, жарты сағат уақыт аралығында «Сұлтан» сауда үйінің төменгі қабатында тоқ көзінде тұрған «Redmi 7A» және «Самсунг А-10» маркалы ұялы телефондарынбелгісіз біреулер ұрлап кеткен.

Іздестіру шаралары барысында  және полиция қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында,ізін суытпай41 жастағы, бұрын сотты болғанәйел телефон ұрлығы бойынша күдікті ретінде  анықталып, ұсталды.Тексеру барысында бұл күдікті азаматша бір мезетте осы екі ұрлық дерегіне қатысы бар екені анықталды.

Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторында, абақтыға алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық)сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтап жатыр.

Құрметті тұрғындар!

«Ұялы телефондар мен басқа да бағалы заттардың ұрлануына жол бермеу үшін Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшылығы азаматтарға сақ болуға және өз мүлкін сақтауға немқұрайлы қарамауға кеңес береді. Қоғамдық орындарға, базарлар мен ойын-сауық орындарына барған кезде ұялы телефондар мен бағалы заттарды қараусыз қалдыруға болмайды.

Сондай-ақ, қоғамдық жолаушылар көлігіне отырған кезде, ұялы телефондарыңызды  ішкі қалталарыңызға салғандарыңыз дұрыс», – деп атап өтті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы Искаков Ермек Бердалыұлы. 

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: