Жексенбі, 22 желтоқсан, 23:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

231 көше жөндеу жұмысынан өтеді

24.01.2023

849 0

Бүгін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі былтырғы жылы атқарылған жұмысына байланысты қорытынды жиын өткізді. Кездесуде бөлім басшысы Жеңіс Файзуллаев алдағы жылдың жоспарымен бөлісті.

Былтыр қаланың 49 көшесін жөнделген үшін өткен 28210000 теңге жұмсалған. Биыл Бәйтерек мөлтек ауданында көпір құрылысы басталмақ. Жеңіс Файзуллаевтың сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда «Стандарт ОЙЛ ҚЗО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісімшартқа отыру жұмыстары жүргізілуде. Көпір салуға мемлекеттік қаржыдан 366,7 000 теңге берілген.

– Өткен жылы Қызылорда автобус паркіне «Өнеркәсіп даму қоры» арқылы 150 автобус сатып алынды. Қазіргі уақытта қалаға 100 автобус келді. 50-і осы жылдың бірінші тоқсанында әкелінеді. Аймақ басшысының қолдауымен тағы да 150 автобусқа өтінім бердік, –  деді бөлім басшысы.

Биыл қала бойынша 231 көше жөнделеді. 2023 жылдың бірінші тоқсанында халықтың сұранысына ие болған Мұратбаев  және Иассауи көшісіндегі Кби мөлтек ауданына өтетін жаяу жүргізушілер көпірінің құрылысын бастау жоспарда бар.

 Осы жылы жаңа құрылыстар, орташа жөндеу, қайта ретке келтіру істері бойынша қызу дайындық жүретін сынайлы. Сөз соңында бөлім басшысы облыс әкімінің тапсырмасын толық орындауға іс-әрекет жасалатынын жеткізді.

Нұрдәрен ЖӘРДЕМХАН,

Қорқыт ата атындағы ҚУ 4 курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: