Жексенбі, 19 қаңтар, 16:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№4-2117
18.01.2025
PDF мұрағаты

«Ауыл аманаты» алға озды

19.01.2025

75 0

Қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Мұхтар Жетілгенов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне өткен жылы салада атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде барлығы 33 136 кәсіпкерлік субъекті жұмыс жасауда. Бұл кәсіпкерлік субъектілерде 65 247 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шаралары оң нәтижесін беруде. Соның бірі, ауыл тұрғындaрының әл-aуқaтын жaқсaрту мақсатында іске қосылған «Ауыл аманаты» жобасы аясында 291,8 млн. теңгені құрайтын 36 жоба қаржыландырылды. «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымы арқылы, жалпы құны 502,3 млн. теңгені құрайтын 41 жоба, «Аграрлық несие корпорация» АҚ арқылы жалпы құны 5 млрд. теңгені құрайтын 72 жоба қолдау тапты. Екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлік мақсатта ұсынылған несиелерін Даму қорымен субсидиялау шаралары да жалғасуда. Өткен жылы жалпы құны 22,6 млрд. теңгені құрайтын 647 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді.Өткен жылы инвестиция көлемі 288 млрд. 453 млн. теңгеге (119%) жетіп, жоспарланған меже артығымен орындалды. Тартылған инвестициялар есебінен өндіріс, сауда, қызмет көрсету, қойма сақтау және түрлі салаларда бірқатар жобалар іске қосылды. Биылғы жылы да инвестиция тарту жұмыстары барысында жаңа жобаларды іске қосу көзделуде. Оның ішінде, кірпіш шығару, жоғары технологиялы айна шығару, нан-тоқаш кондитерлік өнім шығару зауыттары, шағын өндірістік алаңы және жиһаз өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды атап өтуге болады. Бұған қоса, биыл гофрленген қағаздар мен картонның жалпақ қабаттарын өндірісінің құрылысы басталады. Машина жасау саласына келсек, вагон жөндеу депосын салу және жолаушылар вагондарын өндіретін кәсіпорынның қажетті жабдықтары жеткізілді. Өндіріс орны жақын күндері өз жұмысын бастамақ. Сондай-ақ, тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу бағатында да бірнеше жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Айта кетсек, қайталама шикізатты дайын өнімге шығару, тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу желісі бар шыны ыдыстарын өндіретін зауыты жобалары, – деді бөлім басшысы.

Бұдан бөлек, сауда базарларын жаңғырту жұмыстары аясында 6 млрд. теңге инвестиция тарту көзделген. Базарларды жаңғырту жұмыстары кәсіпкерлердің жеке қаражаты және мемлекеттік бағдарламалар аясындағы жеңілдетілген несиелендіру шеңберінде жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінде «Қанат» әмбебап базары ғана толық модернизациядан өтсе, «Сұлтан» базарының құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. «Асбол», «Сыбаға» және «Талғат» сауда орындары жаңғырту жұмыстарына дайындықты бастады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: