Жұма, 29 наурыз, 15:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөліміне жаңа басшы тағайындалды

11.05.2023

1121 0

Қызылорда қаласы әкімінің 2023 жылғы 10 мамырдағы өкімімен Тобажанов Ғабит Рүстемұлы қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Ғабит Рүстемұлы 1978 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде құқықтану мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2000 жылы Шиелі ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.

2001-2006 ж.ж. Шиелі ауданы прокурорының аға көмекшісі;
2006-2008 ж.ж. Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі;
2008-2009 ж.ж. Қызылорда облыстық прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметін қадағалау басқармасының прокуроры, Қармақшы ауданы прокурорының орынбасары;
2009-2011 ж.ж. Қызылорда облыстық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры;
2011-2014 ж.ж. Қызылорда облысы прокурорының табиғатты қорғау заңдылығын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі;
2014-2015 ж.ж. Қызылорда облысы прокурорының атқарушылық өндіріс заңдылығын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі;
2015-2017 ж.ж. Қызылорда облыстық прокуратурасының сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасының бастығы;
2017-2020 ж.ж. ҚР АШМ АӨК МИК Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы кадр, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
2020-2021 ж.ж. «Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімі» КММ басшысы;
2021-2022 ж.ж. Адвокат, Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ комплаенс офицері;
2022 жылдың қараша айынан осы кезге дейін «Шиелі ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» КММ-нің бөлім басшысы қызметін атқарып келді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: