Бейсенбі, 07 қараша, 23:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Бабын тапқан «Баби»

01.02.2023

876 0

Бүгін Тасбөгет кентінің әкімі Семсер Сыздықов кенттегі «Баби» шаруа қожалығына барып, мал басын көбейту және бордақылау бағытындағы жұмыстарымен танысты.

Жеке кәсіпкер Жайбергенов Аралбай өз қаражатын және бірнеше рет нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар арқылы алынған несиелер қаржысын пайдаланып, мал бағуды кәсіп қылып отыр. Қазіргі таңда ірі қара малы 80 басқа, жылқы малы 70 басқа жеткен. Қожалықта бабтап өсіріліп, бордақыланған мал еттері кенттегі «Баби Ет» атауымен ашылған 2 дүкенде сатылымға қойылып, жергілікті тұрғындарды жылқы, сиыр еттерімен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, аталған өнімдер қала аумағындағы басқа да сауда нүктелеріне жеткізіледі.

Қожалық иесі алдағы уақытта аталған кәсіпті әрі қарай да дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар игілігін пайдаланып, мал басын арттыру, қасапхана және басқа да кіші өндіріс түрлерін ашуды көздеп отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: