Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 03:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Барлығы жастар үшін

17.06.2023

787 0

Қаламызда қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен  жастарды әлеуметтендіруге бағытталған мүмкіндіктер керуені аясында республикалық «TULGA BOL»  атты жәрмеңке өтті.

ҚР Мемлекеттік жастар саясатының  2023-2029 жыл­дарға арналған тұжырымда­масын іске асыру аясында ұйымдастырылған жылжымалы жәрмеңкеде жастарға арналған бос орындар ұсынылып, тиісті кеңес беріліп, жас түлектерге оқу орындары таныстырылды.

– Қазіргі таңда аймақта 250 мыңға жуық 19-35 жас аралығындағы жастар бар. Жас­тарымызды қоғамның бел­сенді азаматтар қатарына қосу, оларды әлеуметтендіру, қо­ғамға қажетті азамат ретінде тұлға етіп қалыптастыру – мемлекеттің маңызды саяси бағыттарының бірі. Бүгін өңі­рімізден бастау алып отыр­ған жәрмеңке 30-шы мау­сымға дейін аудан және ауыл­дарда  жалғасын табады, –  деді облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орын­басары Уәлихан Ибраев.

Жәрмеңке аясында «Кітап сыйла» акциясы, «Дәрігер қабылдауы» жылжымалы ме­дициналық бекеті, спорттық ойындар (арқан тартыс, қол күрес, гір көтеру, шахмат, тоғызқұмалақ), «Art-class» шеберлік сағаты ұйым­дас­тырылды.

Шараға жұмыспен қамту­­ды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқар­масынан, облыстық білім бас­қармасынан, «Тұрғын Үй Құрылыс жинақ Банкі» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы, облыстық Жастар денсаулығы орталығынан, және басқа да мемлекеттік мекеме өкілдері қатысты. Жастарға, жас отбасыларға тұрғын үй алуға кеңес, мемлекеттік акциялар туралы, кәсіптік бағдар беру, жастар денсаулығы жайлы жан-жақты ақпарат берілді.

Назкерімсұлу ӘУБӘКІР,

Қорқыт ата атындағы

 Қызылорда университетінің

3-курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: