Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Белкөлде мәдениет ошағы бой көтермек

01.04.2023

820 0

Апта басында қала әкімі Асылбек Шәменов қалаға қарасты кент және ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын Белкөл кентінен басталды.       

Әр тоқсан сайын халықпен жүздесіп, оның мұң-мұқтажына құлақ аспақ мақсатта ұйымдастырылатын кездесуде кентте атқарылған жұмыстар сараланды.  Теміржол бойында орналасқан кент халқы үшін бұған дейін жаяу жүргіншілер көпірін салу мәселесі өзекті болған. Қашаннан қозғалып келген жайтқа облыстық бюджеттен тиісті қаржы қаралып, биыл оң шешімін тапты. Жуырда құрылыс жұмыстары аяқталып, жаяу жүргіншілер көпірі ел игілігіне берілді.

Жалпы кентте халық талабына сай атқарылған істердің нәтижесі байқалады. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту мақсатында кент көшелеріне қиыршық тас төселіп, кей көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Сондай-ақ кент орталығы мен Бірлік көшесінің мектепке дейінгі аралығына жаяу жүргіншілер жолы салынады. Бұған жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, тиісті қаражат бөлінген.

Кентке қарасты Бірқазан елдімекенінде атқарылатын ауқымды шаралар жетерлік. Ондағы инженерлік инфрақұрылымды дамытуға облыс бюджетінен 34,8 млн теңге қаражат бөлінген. Сонымен қатар елдімекенде мәдениет үйін салу үшін құрылыс жобасы жасалып, ұсыныс берілген. Бұл жоба қолдау тапса, көп ұзамай құрылысы басталмақ.

Кездесуде белкөлдіктер қоғамдық көлік мәселесін қозғады. Көпшілік қалаға қатынайтын қоғамдық көлік­тердің жүру ара қашықтығын жиілетуді сұрады. Бұған қала әкімі «Автобус паркі» басшысына қоғамдық көлік­тердің жүру жиілігін ретке келтіріп, сызбаларды қайта қарауды тапсырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: