Сенбі, 21 желтоқсан, 21:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Дін қызметкерлері құрмет грамотасымен марапатталды

07.12.2020

1562 0

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет қаладағы «Айтбай» мешіті және православие шіркеуінің жұмысымен танысып, дін қызметкерлеріне Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік марапаттарды табыстады.

Бір жарым ғасырлық тарихы бар «Айтбай» мешітінің жанынан қосымша ғимарат салынып жатыр. Жаңа ғимаратта дәрісхана мен кітапхана орналасады. Сонымен қатар мешіт ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Дін өкілдерімен кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары зайырлы мемлекеттегі, мәдениетаралық және конфессияаралық келісімді сақтауда, егемен елдің дамуына өз үлесін қосып жүрген сала өкілдерін облыстың «Құрмет» грамотасымен, облыс әкімінің «Алғыс хатымен», «Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы» медалі марапаттады.

– Алдымен сіздерді алда келе жатқан Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтаймын. Сонымен бірге биылғы жылы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толды. Дін – адамзат пен қоғам үшін мәдени өркениеттің маңызды ошағы. Сондықтан, ел тәуелсіздігінің 30 жылдық тұрақты дамуы жолында қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтауда Сіздердің де еңбектеріңіз ерен деп білеміз, – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет.

Құрметке бөленгендердің қатарында «Зекет» қайырымдылық қорының облыстағы жетекшісі Оңталап Жидебаев та бар. Ол жабыққан жандардың жанынан табылып, 18 отбасының баспана мәселесін шешуге үлес қосты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: