Жұма, 19 сәуiр, 01:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

«Байқоңыр халқын соғысқа үгіттеп жатыр»: қала әкімшілігі арнайы мәлімдеме жасады

14.02.2023

450 0

Сурет: qazir.kz

Байқоңыр қаласының арнайы өкілдігі Украинамен соғысқа қатысқаны үшін төленетін төлемдер туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желілерде Байқоңыр кешені қалалық прокуратурасының атынан, қалада тұратын жұмылдырылған азаматтарға, сондай-ақ Украинамен соғысқа өз еркімен қатысуға ниет білдіргендерге 260 мың рубль ақшалай төлем жасалғандығы туралы ақпарат тарады. Ақпаратқа ҚР Президентінің “Байқоңыр”кешеніндегі арнайы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасында түсініктеме берілді.

Байқоңыр арнайы өкілдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, мобилизациялау және төлемдер туралы ақпарат Байқоңыр аумағында орналасқан Ресей Федерациясының азаматтарына ғана қатысты.

«Байқоңыр қаласы Әкімшілігі басшысының 2023 жылғы 07 ақпандағы №49 қаулысына сәйкес Байқоңыр қаласында тұратын жұмылдырылған азаматтарға, сондай-ақ арнайы әскери операцияға қатысуға ниет білдірген және әскери қызметті өткеруге келісімшарт жасасқан адамдарға әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 260 (екі жүз алпыс) мың рубль мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем белгіленген. Ресей Федерациясы Президентінің 21.09.2022 жылғы №647 Ресей Федерациясында ішінара жұмылдыру жариялау туралы» Жарлығына сәйкес тек Ресей Федерациясының азаматтары әскери қызметке шақырылады. Сондай-ақ, ерікті түрде әскери қызметші ретінде жұмылдыру немесе арнайы әскери операцияға қатысу үшін Ресей Федерациясының 60 жасқа дейінгі ер азаматтары шақырылуы мүмкін. Осылайша, Байқоңыр қаласы Әкімшілігі Басшысының жоғарыда аталған Қаулысына сәйкес әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 260 (екі жүз алпыс) мың рубль мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем тек Байқоңыр қаласының тұрғыны болып табылатын Ресей Федерациясының азаматтарына қолданылады. Анықтама ретінде, Үкіметаралық келісімге сәйкес Байқоңыр қаласының тұрғыны болып қала аумағында тұратын және Байқоңыр қаласының әкімшілігінде тіркелген Қазақстан Республикасының азаматы немесе Ресей Федерациясының азаматы танылады», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған. ҚР Конституциясының 10-бабының 3-тармағына және «ҚР азаматтығы туралы» ҚР Заңының 3-бабына сәйкес республика азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын мойындамайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: