Бүгін қала әкімдігінде мақсатына сай пайдаланылмай (игерілмей) жатқан жер учаскелерін мемлекет қорына қайтару және жер заңнамасының сақталуы туралы мәселелер талқыланды.
Жиын барысында қала прокурорының орынбасары Бек Тастайбекұлы «Мақсатына сай пайдаланылмай (игерілмей) жатқан жер учаскелерін мемлекет қорына қайтару және жер заңнамасының сақталуы туралы» мәселелерге қатысты хабарлама жасады.
Сонымен қатар, қалалық жер қатынастары мен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшылары «Қала әкімідігі тарапынан атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар» жөнінде баяндама жасады.
Өз кезегінде қала прокуроры Ағыбай Жақанов «Жер заңнамасының сақталуы және пайдаланылмайтын жер учаскелерін мемлекет қорына қайтару жөнінде атқарылуы тиіс жұмыстар Президент әкімшілігі мен Бас прокуратураның арнайы бақылауында екеніне» тоқталып өтті.
Жиын соңында шаһар басшысы Асылбек Шаменов пен қала прокуроры Ағыбай Жақанов мемлекеттік органдар арасында өзара ұйымдастырушылық іс-қимыл жоспарының әзірленетіндігін айтты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!