Сенбі, 23 қараша, 19:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Кәсібі көп ауыл

28.02.2023

947 0

Қалаға қарасты ауылдардың инфрақұрылымдық жүйелерін дамытуда атқарылып жатқан нәтижелі істер байқалады. Сәрсенбіде  қала әкімдігінің баспасөз орталығында Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі Еркін Ахетов өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өткізді.

Былтыр ауыл тұрғындарының өтінішімен 150 орындық ауылдық клубтың іргетасы қаланған. Бұл өз кезегінде жұртшылықтың көп­тен күткен қуанышы болды. Сонымен қатар ауылдағы көлемі 6800 шаршы метрді құрайтын Әбдіхалықов бейіті аумағына қоршау жұмыстары жүргізілген. Бұдан бөлек ауызсу жинау қоймасы қолданысқа беріліп, жол қауіпсіздігі мақсатында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасымен Байсейітов көше­сінің 400 метріне жарық шамдар орнатылған. Сондай-ақ ауылға 21 жол белгісі қойылған.

Ауыл балаларына «Балалар жылы» аясында «Строй модуль-Астана» ЖШС-ның демеушілігімен ойын алаңы салынған. Сондай-ақ кәсіп­кер қолдауымен кіре беріс жол бойы­на аялдама орнатылған.

Өткен жылы атқарылған істер­ді саралаған ауыл әкімі Еркін Ахетов брифинг барысында алдағы атқарылатын жұмыс жоспарымен де бөлісті.

– Биыл жоспарымызда округтегі жаңадан қоныстанушы аумақтағы жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрайтын 12 көшеге қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүргізу қа­растырылған. Қазіргі таңда 8 дана КТПН, электр бағаналарын орнату жұмыстары, сондай-ақ округтегі жаңадан қоныстанушы аумаққа тех­никалық су тарту ұңғымасын және А.Иманов көшесінің бойындағы №6-ТС техникалық су тарту ұңғы­масын орнату жұмыстары жүргі­зілуде. Бұдан бөлек округке кіре-беріс жолдың бойындағы R-1 ка­на­лына жаяу жүргіншілерге арнал­ған көпір құрылысы үшін жоба-сметалық құжаттары дайындалуда. Ал С.Байсейітов, Ж.Әбдіхалықов, А.Құнанбаев, Желтоқсан көшелерінің бойына, жаңадан қоныстанушы ау­маққа жаяу жүргіншілер жолын салу мақсатында қажетті құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім берілді, – деді ауылдық округ әкімі.

Қарауылтөбе ауылдық округі әкі­мінің айтуынша, былтыр 17 шағын кәсіпкерлік нысан ашылған. Бүгінде елді мекенде кәсіпкерлік саласында 112 нысан жұмыс істейді. Мұның барлығы мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асқан. Мемлекеттік бағдарлама игілігімен 43 миллион теңгенің 8 жобасы мақұлданса, «Еңбек» бағдарламасымен 17,2 мил­лион теңге болатын 14 жобаға қай­тарымсыз грант берілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: