Қызылорда қаласында өткен жылдан бері «Gastro-med» атты заманауи медицина орталығы қызмет көрсетуде. Аталған орталықтың басшысы Нұртай Торғауыт жекеменшік медицина орталығын ашуды көптен бері армандаған. Нәтижесінде, бірнеше ай жобаны дайындап, жалға алатын орынды іздеуге кіріскен. Осылайша, бүгінде мемлекеттік «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарлама аясында мақсатын жүзеге асырды.
Қазіргі кезде Gastro-med» медицина орталығы қала тұрғындарына диагностикалық қызметтер, медициналық қызметтер, УДЗ, кеңес берудің негізгі қызметін көрсетеді. Айта кету керек, қазір мұнда білікті кәсіби мамандар жұмыс істейді. Оның ішінде орталықта гастроэнтеролог, терапевт, гепатолог, УЗИ сияқты мамандар қабылдайды.
– Медициналық орталық асқазан-ішек жолдары, эндрокиндік жүйе ауруларын амбулаториялық дәрежеде емдейді. Орталыққа келген науқастарды экспертті деңгейдегі қондырғаларда медициналық тексеруден өтіп, жоғары білікті дәрігерлерден кеңес ала алады. Сонымен қатар, қосымша зертханалармен келісімге отырып, анализдерді іштен тапсыра алатындай жоспарлап отырмыз. КМИС бағдарлама бойынша емханадан келген науқастарды тегін қабылдаймыз. Одан бөлек, емханаларда тіркелмеген страховкасы жоқ науқастарды ақылы түрде қабылдаймыз, – дейді Нұртай Торғауыт.
Мұнда келушілерге барлық жағдай жасалған. Бір ерекшелігі емделушілер дәрігер қабылдауына күтіп уақыт жоғалтпас үшін телефон арқылы алдын-ала жазыла алады. Әр дәрігердің кабинеті соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен, заманауи эндоскопиялық аппараттармен жабдықталған. Нәтижесінде науқастар орталықтан кешенді сапалы ем қабылдай алады.
Кез-келген мекеменің жүрегі – білікті мамандар деп білеміз. «Gastro-Med» осындай білікті мамандарымен науқастарға өте сапалы ем шараларын жүргізіп, сенім үдесінен шыға біледі деген ойдамыз.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!