Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Көгілдір отын қауіпсіз болуы тиіс

16.08.2022

867 0

Жуырда ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қызылорда облыстық департаментінің ұйымдастыруымен баспасөз туры өтті.

Онда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының жаңарту және жаңғырту жұмыстары мен инвестициялық міндеттемелерінің орындалуы жайлы айтылды.

Қазіргі таңда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өңірлік филиалы теңгерімінде 2336,271 шақырым газ құбыры бар. 2022-2023 жылдарға арналған жылыту маусымына орай нысандардың қауіпсіз, ақаусыз және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін күрделі жөндеу жүргізілген.

Баспасөз туры барысында қала көлеміндегі екі газ құбырлары орналасқан екі бекетке аялдадық. Мамандар газ құбырларының ақау шыққан тетіктері жыл сайын жөнделетінін айтты.

– Мердігер мекемелермен келісімге отырып, арнайы белгіліенген уақыт ішінде жұмыстың сапалы әрі тез аяқталуы қатаң тапсырылады. Биылғы жасалып жатқан жұмыстар тамыз-қыркүйек айларында аяқталады деп күтілуде. Жөндеу жұмыстары негізінде газ қысымының реттегішін ауыстыру, бекіту арматурасы мен қазандықтары қайта қалпына келтірілетін болады. Газ қысымы жоғары болғандықтан оған үлкен деңгейдегі сапалы заманауи құрылғылар пайдаланылады. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өңірлік филиалының 2020-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасының жалпы сомасы – 99492 мың теңге. Технологиялық жабдықтарды ауыстыру дер кезінде аяқталмақ. Бұл мақсаттағы жұмыстар авариялық жағдайлардың туындау тәуекелін төмендетіп, абоненттерді қауіпсіз және үздіксіз апатсыз газбен жабдықтауды қамтамасыз етпек, – дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитеті  облыстық департаменті басшысының орынбасары Ғалым Тойлыбек.

Т.ШАЙДУЛЛА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: