Жұма, 27 желтоқсан, 14:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Көктемгі дала жұмыстары жүргізілуде

18.04.2023

777 0

Бұл туралы бүгін баспасөз орталығында өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Дінмұхамед Ермеков баяндап өтті.

Биыл Қызылорда қаласында 9 036 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жопарланып отыр. Оның ішінде негізгі дақыл күріш 3 610 гектар, дәнді дақыл 107 гектар, картоп дақылы 500 гектар, көкөніс дақылы 1 330 гектар, бақша дақылы 990 гектар, мал азықтық дақыл 2 499 гектарды құрайды.

«Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге барлығы 148 дана ауыл шаруашылығы техникасы қатысуда. Бүгінгі күнге 1849 гектар ескі жоңышқа тырмаланып, 239 гектарға жаңа жоңышқа, 57 гектарға жаздық бидай, 35 гектарға қант құмайы егілді. Биылғы жылдың егісіне қажетті 918 тонна күріш тұқымы құйылып, оның 13,0 пайызын отандық сорттар, 87,0 пайызын Ресейлік сорттар құрайды. Атап айтқанда, отандық сорттар бойынша 115 тонна «Сыр сұлуы», Ресейлік сорттар 291 тонна «Лидер», 512 тонна «Янтарь» сорттары егілді», – деді Дінмұхамед Жандарбекұлы.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті 479 тонна дизель отынын жеткізіп беруші операторлар «РК Мұнай» және «Жібек Жолы LTD» ЖШС-і болып белгіленді. Бүгінгі күні шаруашылық құрылымдары дизель отынын аталмыш серіктестіктерден келісім-шарт негізінде сатып алуда.

Айта кету керек, қалаға қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінен картоп, көкөніс және бақша дақылдарын егуге әр отбасыға уақытша 10 сотық жер маусымдық кезеңге уақытша берілуде. Оған қала тұрғындары қызығушылық танытып, бүгінде 65 өтінім келіп түсті. Өтінім қабылдау жұмыстары мамыр айына дейін жалғасады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: