Жеңіс күні – ерекше және көптен күткен мереке. Ұлы Отан соғысының ардагерлері өздеріне лайықты құттықтауларды қабылдауда, өйткені сол кісілердің ерліктерінің арқасында аспанымыз ашық және бейбіт күнде өмір сүріп жатырмыз.
“Ұлы Жеңіс”күніне орай, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшылық құрамы Ұлы Отан соғысына қатысқан Байтиков Абдрахман ақсақалды құттықтап, құрмет көрсетті. Жасы 99 – ға толған Абрахман ақсақал Қызылорда қаласында дүниеге келген. Соғыс оты тұтанған жылы 18 жаста еді. 1942 жылы Ашхабад қаласында командирлер дайындайтын курсқа оқуға түсіп, оқуы аяқталмастан майданға аттанып кеткен. 1943 жылы Курск доғасында ауыр жарақат алып,1944 жылы елге оралған.
Басқарма бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бауыржан Сенбейұлы 99 жастағы қарияның тағылымды тарихын тыңдай отырып басқарма бастығының құттықтауын жеткізіп, құрмет көрсетті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!