Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімдігінде аппарат мәжілісі өтті

30.04.2023

522 0

Шаһар басшысы Асылбек Шаменовтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтіп, маңызды жиынның күн тәртібінде үш мәселе қаралды.​

​Алғашқы мәселе – көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы. Биыл қала көлемінде көктемгі егіс жұмыстарын сапалы жүргізу міндеттері тұр. Бұл тұрғыда ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қойшыбай Жүсіпов баяндама жасап, осы жылы 9 мың гектардан астам жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жопарланғандығын айтты.

​– Оның ішінде негізгі дақыл күріш 3 610 гектар, дәнді дақыл 107 гектар, картоп дақылы 500 гектар, көкөніс дақылы 1 330 гектар, бақша дақылы 990 гектар, мал азықтық дақыл 2 499 гектарды құрайды, – деді Қойшыбай Жүсіпов.

Өз кезегінде қала әкімі бөлім басшысының міндетін атқарушы Қойшыбай Жалғасұлына егін науқанына қажетті шараларды жоғары деңгейде жүргізілуін, су арналарын тазалау жұмыстарын, ауылшаруашылығы дақылдарын агротехникалық мерзімге сәйкес егілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

​Жиында Қызылорда қаласының 2023 жылдың I тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары да талқыланды. Оған қатысты қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова баяндады.

​Қалада жыл басынан бері өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 160 млрд. 870 млн теңгеге жеткен. Өңдеуші өнеркәсіп саласында 21 млрд. 268 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 20,9 пайызға артқан. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 13,2 пайызы.

​– Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімінің көлемі қаңтар – наурыз айларында 1 млрд. 127 млн. теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 104,6 пайызды құрады, – деді Гүлнар Баймаханова.

Бұдан бөлек, жыл басынан бері негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 41 млрд. 483 млн теңге болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 36,5 пайызға артқан. Облыстағы үлесі 51,6 пайыз. Ал, құрылыс жұмыстарының көлемі 10 млрд. 792 млн теңгеге жетіп, былтырғымен салыстырғанда 33,5 пайызға артты. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 82 603 шаршы метрді құрап отыр.

​Қала әкімі Асылбек Шаменов жауапты сала басшыларына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша барлық көрсеткіштерді 100 пайызға орындалуын қамтамасыз етіп, кент және ауылдық округтері бойынша IV деңгейлі бюджеттердің түсімдері мен жоспардың жүзеге асуын қадағалауды тапсырды.

Мәжілісте қаралған тағы бір мәселе – Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша атқарылып жатқан шаралар болды. Шаһар басшысы былтыр ПМК-29 саяжайында кене шағудан адам өлімі орын алғанын айтып, аса қауіпті инфекциялардың алдын алу бағытында тиісті шаралар қабылдау керегіне тоқталды. Ол бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Ұзақбаев баяндама жасады. Сондай-ақ қала әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және құқық қорғау органдарымен байланыс бөлімінің басшысы Ғалымжан Қайназаровтың қосымша хабарламасы тыңдалды.

​Қала әкімі мәселеге қатысты облыстық ветеринария басқармасы, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, облыстық жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығымен бірлесіп іс-шара жоспарын әзірлеуді тапсырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: