Жұма, 27 желтоқсан, 23:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімдігінде аппараттық мәжіліс өтті

13.10.2021

1089 0

Қала әкімі Ғанибек Қазантаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы қаралмас бұрын, кадрлық өзгерістер таныстырылды. Енді спорт, ішкі саясат, мәдениет, және әлеуметтік салаларына Бектас Нұридинов, кәсіпкерлік, қаржы және экономика, ауылшаруашылық салаларына Ғабит Жаңабаев жетекшілік жасамақ.

Күн тәртібіндегі үш мәселе бойынша сала басшыларының баяндамалары тыңдалды. Алдымен қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Бағлан Аманкелдиев жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде құны 11,5 млрд.теңгені құрайтын 653 жобаның қаржыландырылғандығын баяндады. Бұл бағытта серпін бар. Себебі, өткен жылы небәрі 41 жоба ғана қолдау тапқан. Ал, «Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бағдарламасында жеңілдікпен несиелеуде 6 жобаға 937,0 млн.теңге берілген. Қазір екінші деңгейлі банктерге де нақтылы жобалардың құжаттары ұсынылып, несиелері мақұлдануда. Осы ретте шаһар басшысы Ғанибек Қонысбекұлы кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселелерін бекітілген межеге сәйкес, жыл аяғына дейін орындауды тапсырды.

Әлеуметтік салада да ілгерілеушілік бар. Жұмыссыздықпен күрес жүргізу талабымен 8527 жаңа жұмыс орны ашылды. Жоспар – 131,0 пайызға орындалды. «Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға, жұмысшы кадрларды еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша облыстық бюджеттен 35 адамға 4 357,6 мың теңге қаражат бөлінген. Қаралған қаржыға оқытылған азаматтар тұрақты жұмысқа орналастырылды. Елді мекендерде және шағын қалаларда микробизнес ашу, ісін жаңа бастаған жас және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерліктің қызметін кеңейту үшін 60 азаматқа 515 393,0 мың теңге көлемінде несие берілді. «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне 633 қызылордалық «Атамекен кәсіпкерлік палатасы» арқылы оқу курстарын аяқтап, 261-і мемлекеттік грантты алды. Осы тұста Ғанибек Қонысбекұлы қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы К.Құрақбаеваға сандық көрсеткіштермен сапаны бұзбай, бағдарлы миссияны жыл соңына дейін толығымен орындауға күш салуды міндеттеді.

Қаланың ауылшаруашылығы бөлімін басқаратын Нұрбек Әзірбек қала диқандарының күрішті толық орып болғандығын, орташа өнім 51,5 центнерден келгендігін баяндады. Дегенмен, аяқ судың тапшылығы шаруашылықтардың шаруасын күрделендірді, сондықтан келер жылғы жоспарға көп өзгеріс енгізілмек. Ол үшін бүгіннен бастап іс-қимыл алгоритмін әзірлеу қажет. Бұл саладағы күрделі мәселе – азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру. Әлеуметтік дүкен сөрелеріндегі әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағаларында ауытқушылық жоқ, тұрақтандыру қорындағы 1038,9 тонна өнім төмен бағамен сатылуда. Тауар құнында әралуандылық болмас үшін қала әкімі Ғанибек Қазантаев қордың мүмкіншілігін барынша пайдаланып, бағаның тұрақтылығын ауыздықтап отыру керектігін ескертті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: