Жұма, 27 желтоқсан, 13:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қала әкімі кент және ауылдарда болды

03.02.2021

7106 0

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев есептік кездесуінің алдында  қалаға қарасты кент және ауылдық округтерді аралап, тұрғындармен тілдесіп, айтар тілегін, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Қала әкімі кент және ауылдарда болды

Қала басшысы алдымен шаһар іргесіндегі Тасбөгет және Белкөл кентіне  барып, тұрғындармен жүзбе-жүз жолықты. Тасбөгеттегі келелі жиында 2020 жылы кентте атқарылған жұмыстарды саралап, жақсы жетістіктері мен жоғары көрсеткіштеріне тоқталды. Мәселен,  Тасбөгетте өткен жылы 17,5 шақырым болатын 15 көшеге малта тас төселіп, 3,6 шақырымға созылған 3 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек  5 көше жарықтандырылып, спорттық жаттығу және стритбол алаңы салынды. Кентке қарасты Сабалақ саяжайына  ауыз су желісінің екінші кезеңін жүргізуге, 17,6 шақырым электр желісін тартуға қаржы қаралды.

Басқосуда қала әкімі тындырымды тірліктер атқарылған Тасбөгетте алдағы жылы жүзеге асырылатын жобаларды да атап өтіп, жұмыс жоспарына енгізілген бірқатар бастамалармен бөлісті.

Берекелі бастамалар бастау алып, жарқын жобалар жүзеге асқан Белкөл кентінде өткен жылы 6 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп,  кварталаралық жылу жүйелері жаңғыртылды, «Балапан» балабақшасы күрделі жөндеуден өтіп, Зеленая көшесінің 1,6 шақырымына түнгі жарық шамдары орнатылды. Кентке қарайтын Бірқазан елді-мекенінің кіре-беріс жолы жөнделіп, ауылда балалар ойын алаңы салынды.

Қала әкімі кент және ауылдарда болды

Кезегін күткен өзекті мәселелері  өз шешімін тауып, көрсеткіштері жақсарған Белкөлдің тұрғындары кездесуде қала әкіміне алғыстарын білдіріп, біткен істерге оң баға беріп, алдағы жоспарларға сәттілік тіледі.

Өз кезегінде қала әкімі «Қай салада, қай қызметте болсақ та елдің қолдауы, үлкендердің ақ батасы тірлігіміздің берекесін кіргізіп, жолымызды ашатыны анық» – деп, ерекше тоқталып, Белкөлдің болашағына бағытталған байыпты бастамаларды тілге тиек етті.                Ел тілегі, көптің сұрауы болған күре жолдан өтетін аспалы көпірдің құрылысы ағымдағы жылы аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілетіндігін жеткізді.

Тұрғындармен кездесудің соңында шаһар басшысы еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына күш салып, елеулі үлес қосқан қос кенттің ардагерлерін және қаламыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқан бірқатар азаматтарға сый-құрмет көрсетіп, қала әкімінің алғыс хатын табыстады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: