Сәрсенбі, 20 қараша, 04:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қалалық жұмыспен қамту бөліміне басшы тағайындалды

19.03.2021

4677 0

Қала әкімінің міндетін атқарушы Б. Нуридиновтың 2021 жылғы 18 наурыздағы №58 өкімімен Құрақбаева Кенжегүл Құрақбайқызы қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Кенжегүл Құрақбайқызы, 1967 жылы Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы Қосшыңырау ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 1984 жылы Новосибирск қаласы, Сауда техникумында «Есепші», 2000 жылы Қарағанды экономикалық университетінің «Қаржы және несие» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 1987 жылы облыстық зейнетақы және жәрдемақы орталығында бөлім инспекторы болып бастаған.

1993–1996 жж. Қызылорда қалалық халықты әлеуметтік жағынан қорғау бөлімінде инспектор, аға инспектор, бас маман;

1996–1999 жж. Қызылорда қалалық халықты әлеуметтік жағынан қорғау бөлімінде, Зейнетақы төлеу бөлімінің бастығы;

1999–2000 жж. Қызылорда қалалық халықты әлеуметтік жағынан қорғау бөлімі, Ардагерлер секторының меңгерушісі;

2000–2005 жж. Қызылорда қалалық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі, Әлеуметтік жәрдемақы төлеу және соғыс ардагерлерімен, мүгедектермен жұмыс атқару бөлімінің бастығы;

2005 жылдың қаңтар айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.

Отбасылы, екі ұл, төрт немере тәрбиелеп отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: