Сейсенбі, 26 қараша, 14:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер өрттің алдын алып, қала тұрғындары мен 5 Өзбекстан Республикасының азаматтарын құтқарды

28.04.2023

772 0

Полиция қызметкерлері өрт оқиғасының алдын алды.19 сәуір күні сағат 10:59 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел «102» арнасына қала аумағында жеке үйдің бірінде өрт шыққандығы туралы хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері жедел қызметтерге хабарласып, оқиға орнына жетіп, тұрғын үйге кіріп, зардап шекендерді шығару мақсатында шұғыл әрекетке көшеді.

Полицейлер оқиға орнына жеткенде тілсіз жау күш алып, үйдің іші қою түтін басқан. Қою түтін арасынан жол тапқан полицейлер үй ішін тексеріп, бөлмелердің бірінен 73 және 69 жастағы қала тұрғынын және жұмыс істеуге келген 5 Өзбекстан Республикасының азаматтарын эвакуациялап, адамдарды құтқару жұмыстарын шебер ұйымдастырған. Құтқарылған азаматтардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

«Бірі қалмай сыртқа шығарылғанына көзіміз жеткенше үйге кіріп, түтінге оранған бөлмелерді қайта – қайта тексердік», – дейді полиция қызметкерлері. Осылайша, полицейлердің батыл шешімі адам шығынының алдын алды. Бастарын қатерге тіккен Қызылорда қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Тобағабылов Бауыржан, полиция лейтенанты Мәлік Жандос нағыз азаматтықтың үлгісін көрсетті.

«Қандай жағдай болмасын бірінші кезекте халыққа көмектесу міндетіміз. Бұл әрекетімізді ерлік немесе батырлық деп санамаймыз. Менің орнымдағы әрбір полиция қызметкері болса солай жасар еді. Бастысы адамның өмірін арашалап қалдық» дейді учаскелік полиция инспекторы Тобағабылов Бауыржан. ​Қазіргі таңда мамандар өрттің шығу себебін анықтауда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: