Сенбі, 19 сәуiр, 07:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

Қызылорданың астаналық кезеңі

17.04.2025

448 0

Фото: қала әкімдігі

Дәл осы тақырыппен Студенттер сарайында басқосу өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, тарихшылар, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, ұстаздар мен жастар қатысты.

«Қазақ» атауының қайтарылып, Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуына орай өткізілген шарада қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев 1925 жылы Ақмешітте өткен Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің V съезінде қабылданған шешімдерге шолу жасады.

Тарих ғылымдарының кандидаты Сағат Тайман «Қызылорданың астаналық кезеңі» тақырыбын кеңінен тарқатты. Ол Қызылорданың 1925-1929 жылдардағы республика астанасы ретіндегі рөлін, дәуірдің әлеуметтік-саяси ахуалын жан-жақты саралады.

Ал, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ғабит Тұяқбаев «Сыр өңіріндегі қазақ зиялыларының ізі» тақырыбында баяндама жасап, Алаш ардақтыларының Қызылордада жүргізген ағартушылық және саяси қызметіне тоқталды.

Қызылорданың астаналық кезеңі

Басқосуда шаһардың ескі ғимараттары, олардың тарихи маңызы мен қазіргі жай-күйі, архив құжаттары туралы кеңінен айтылды. Қызылорданың ел тарихындағы орны айрықша. Бұл қаланы қазақ руханияты мен мемлекеттілігінің алтын бесігі десек, артық айтқандық емес. Өйткені шаһарда тұңғыш қазақ драма театры құрылып, сахна төрінде Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров сынды тұлғалардың шығармалары қойылды. 1925 жылы Қазақ халық ағарту институты Қызылордаға көшіріліп, оған Ахмет Байтұрсынов, Сәбит Мұқанов, Темірбек Жүргенов, Телжан Шонанов секілді зиялы қауым өкілдері дәріс берді. Ал, Сәкен Сейфуллин 1927-1928 жылдары осы оқу орнында басшылық қызмет атқарды.

Жиын соңында қатысушылар Қызылорданың тарихи кезеңдерін зерттеу бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: