Жұма, 29 наурыз, 07:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада жаңашыл бизнес-идеялар қолдауға ие болды

16.09.2022

604 0

Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру конкурсында 26 адам қайтарымсыз грантқа ие болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мұса Қалдарбеков мәлімдеді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін 673 адамның өтініші келіп түскен. Іріктеу кезеңі 31 тамыздан 8 қыркүйек аралығында өткізіліп, аудан кәсіпкерлері жобаларын онлайн, ал қала кәсіпкерлері оффлайн форматта таныстырған.

«Конкурстың нәтижесіне сәйкес, жалпы 92 млн. 667 мың теңгеге 26 жобаны қаржыландыру мақұлданып отыр. Оның ішінде жас кәсіпкерлердің 11 жобасына 45 млн. 667 мың теңге қаржы табысталмақ. Айта кету қажет, қолдау алған кәсіпкерлердің ішіндегі әлеуметтік осал топтағы азаматтардың үлесі 42,3 пайызды құрады, яғни 11 жоба 29,6 млн. теңгемен қаржыландырылатын болады. Алдағы уақытта бұл кәсіпкерлермен Қағида талаптарына сәйкес Басқарма, «Даму» қоры арасында үш жақты келісім шарттары жасалынып, қаражаттары аударылатын болады», – деді Мұса Оспанұлы.

«Кәсіпкерлермен тапсырылған жобалардың басым бөлігі бір-біріне ұқсас, бұрын-соңды өңірімізде іске асырылған. Биылғы конкурсқа гидропоникалық әдіспен жем-шөп дайындау,тігін, наубайхана, биогумус шығару және жылыжай, көлік жуу орталығын ашу жобалары көп ұсынылды. Әрине, кәсіпкерлер арасында наразылық туындайтыны жасырын емес. Себебі қайтарымсыз қаражаттың талаптары, оның сұранысы жылдан-жылға күшейтіліп келеді. Кәсіп бастаушы азаматтарға айтарым нарықты толық зерттеп, кәсіпті дұрыс таңдауы, жоспарды дұрыс құруы, содан кейін барып қаржыландыру тетіктерін іздеу қажет», – деді «Dalatex» ЖШС-нің директоры, комиссия төрағасы Ділмұхамед Абизов.

Брифинг барысында комиссия мүшелері кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыруына грант беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап он сегіз ай уақыт берілетінін тілге тиек етті. Бұған қоса, қаражаттың мақсатты жұмсалуына, жобаның толығымен іске қосылуына «Даму» қорымен мониторинг жұмыстары жүргізілетін болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: