Бейсенбі, 28 қараша, 15:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

«Саламатты ҚАЗАҚСТАН» медициналық пойызы Белкөлге келді

26.10.2023

4335 0

Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентіндегі «Белкөл» станциясына «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы тоқтады. Теміржол үстіндегі емхананы қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев арнайы қарсы алып, жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кету керек, Белкөл кентінде медициналық поезд 24-26 қазан аралығында қызмет көрсетеді. Денсаулық пойызындағы мамандар құрамында терапевт, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, хирург, уролог, маммолог, кардиолог және педиатр бар. ЭХО КГ құрылғысы жұмыс жасайды.Дәрігерлердің қабылдау уақыты таңғы сағат 9-00-ден кешкі 18-00 аралығында. Түскі үзіліс – 13-00-14-00 сағат аралығында екендігін ескертеміз.

Айта кетейік, денсаулық керуені Қазақстан бойынша сапарын сәуір айында бастаған болатын. 6 айдың ішінде 100 станцияны аралап, 60 мыңнан аса халыққа көмек көрсетіп үлгерді. Бұл жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қатысуымен жүзеге асырылуда.Қызылорда облысынан кейін медпойыз тағы екі өңір Түркістан мен Жамбыл облыстарына аттанады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: